Эквадордағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 413-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадордағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 413-ке жетті

19.04.2016
Эквадордағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 413-ке жетті

Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Президент Рафаэль Корреа табиғи апатты соңғы 70 жылдағы ең қайғылы трагедия деп атады.

7,8 магнитудалы жерасты дүмпулері салдарынан Эквадордың Тынық мұхиты жағалауындағы қалаларындағы көптеген ғимараттар қирады, жолдар жарамсыз болып қалды.

Апат салдарын жою үшін 14 мың әскери мен полицей тартылды, оларға көмек ретінде өзге елдердің құтқарушылары жіберілді.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу