Алматыда С.Нұрмағамбетовті еске алу құрметіне орай бокстан халықаралық жарыс өтіп жатыр (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда С.Нұрмағамбетовті еске алу құрметіне орай бокстан халықаралық жарыс өтіп жатыр (ФОТО)

25.05.2016
Алматыда С.Нұрмағамбетовті еске алу құрметіне орай бокстан халықаралық жарыс өтіп жатыр (ФОТО)

Кеңес одағының батыры, «Халық қаһарманы», армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу құрметіне орай бокстан ХХ халықаралық турнир басталды.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көптен бері үздіксіз өткізіліп келе жатқан турнир Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге елімізден тыс жерлерде танымал.

Жыл сайын турнирге таяу және алыс шетелдегі мемлекеттерден 150-ден аса спортшылар қатысады. Биылғы жылы Алматыда Қазақстанның командаларымен қатар Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Малайзия және Қытайдың боксшылары келді.

«Кезінде С.Нұрмағамбетов турнирі Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Еркебұлан Шаналиев сынды спортшыларға спортта жоғары жетістіктерге жетуге жол ашты. Бұл бүгінгі тартыстың жоғары деңгейі мен беделін тағы бір мәрте растады», - деді Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов. Турнир 10 салмақтық дәреже бойынша өткізілуде. Шешуші жекпе-жек 28 мамырда өтеді.

Хабарламаларға жазылу