Бұл туралы агенттікке металлургтер қаласындағы жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Еркебұлан Күнтуған мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«23-сәуір күні Геннадий Головкиннің америкалық Доминик Уэйдпен өтетін жекпе-жегі қарсаңында жергілікті боксшылар шаршы алаңда бірнеше көрсетілім ұсынды. Олардың ішінде өзінің жаттықтырушысымен бірге шыққан ең кішкентай қатысушы София Ващенконың соққысының жылдамдығы көрермендерді тәнті етті. Ол «Арман» спорт клубының тәрбиеленушісі және балалар арасында бокстан өткен қалалық байқаудың жеңімпазы. Сонымен қатар, бұл күні рэперлер мен хореографиялық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды. Шараның соңында 500 адамның қатуысуымен селфи жасалды, - деді Е. Күтуған.
Еске сала кетейік, былтыр жас натуралистер станциясында Генадий Головкиннің жакүйерлері боксшыны қолдау мақсатында GGG форматында қарағай ағаштарын отырғызған.