Астаналық жастар Г.Головкинді қолдап жиын ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық жастар Г.Головкинді қолдап жиын ұйымдастырды

19.10.2015
Астаналық жастар Г.Головкинді қолдап жиын ұйымдастырды

Жиында олар Головкиннің  жетістіктеріне мақтау айтып, оның лайықты өнер көрсекендігін айшықтайтын ұрансөздері айқайлап, жерлестерінің жеңісіне деген қуаныштарын паш етті.

Таңғы 6-00-ден бастап, ЭКСПО-2017 супервайзерлері мен Головкиннің жетістіктеріне қуанып жүрген барлық жанкүйерлер «Астана Молл» сауда орталығында орналасқан Коворкинг бас қосты.

Аталмыш шараны ЭКСПО-2017 Еріктілер орталығы, Қазақстанның Еріктілер альянсы, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және «Астана жастары» мекемесінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырды.  

Бұл идеяның авторы ЭКСПО-2017 көрмесінің супервайзерлері. Олар таратқан ақпараттарға қарағанда, демеушілер мен жанкүйерлердің арқасында шараға қатысушылар арнайы көліктермен тасымалданып, қалың көпшілік үшін мерекелік дастархан жайылған. Сондай-ақ, шараға қатысушылар Г.Головкиннің  IBF дәрежесі бойынша чемпион Давид Лемьемен болған кездесуіп бірлесіп тамашалаған. Шараға сондай-ақ, Айгүл Мүкей сияқты медиа жұлдыздары келіп, қалың көпшіліктің қуанышына қолдау көрсетті.

«Бүгінгі жиын арқылы, барлығымыз бірігіп, әйгілі боксшымыздың жеңіспен аяқталған кездесуін тамашалап, барлық супервайзерлердің бір алаңда бастарын қосып, жастардың бойындағы патриоттых рухын оятуды мақсат тұттық. Біз барлығымыз бірдей жерлесімізді қолдай отырып, бір команда боламыз. Бұл ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерді қарсы алу кезінде өте қажет қасиеттердің бірі болады»,-деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның өкілі Рауан Ерұлан.     

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу