Бүгін аталмыш топ Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» кеңейтілген көрме-экспозициясын өткізді, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Онда облыс музейлері мен қолөнер шеберлерінің және суретшілердің 500-ден астам жәдігерлері қойылған. Сонымен қатар, бүгін делегацияны бастап барған топ жетекшілігі Қарағандыдағы БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, сондағы цирк манежінде «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің «Таңғажайып керуен» бағдарламасы өтеді.
Ал 21-22 сәуір күндері өтетін мәдени іс-шараларына тоқталсақ, ертең де «Оңтүстік-Цирк» ұжымы өз бағдарламасын қайталаса, өңіріміздің өзге де өнер майталмандары «Бірлігі жарасқан – Мәңгілік ел» гала концертін өткізеді.
22 сәуір күні Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының ұжымы С.Досановтың «Тозақ шеңбері» трагедиясын көрермен назарына ұсынады.