Облыс әкімдері қомақты қаражатты футбол командаларына емес, бұқаралық спортты дамытуға бөлу керек - Арыстанбек Мұхамедиұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Облыс әкімдері қомақты қаражатты футбол командаларына емес, бұқаралық спортты дамытуға бөлу керек - Арыстанбек Мұхамедиұлы

18.04.2016
Облыс әкімдері қомақты қаражатты футбол командаларына емес, бұқаралық спортты дамытуға бөлу керек - Арыстанбек Мұхамедиұлы

Облыс әкімдері қомақты қаражатты футбол командаларына емес, бұқаралық спортты дамытуға бөлу керек. Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, спорт пен дене шынықтыру саласын қаржыландыруда үлкен теңгерімсіздік орын алып отыр.

«Жергілікті облыс бюджеттерінен қомақты қаражат футбол мен хоккей командаларын қаржыландыруға бөлінеді. Ал, бұқаралық спортты қаржыландыру қалдық қаражат қағидатымен жүргізіліп жатыр. Бұл дұрыс емес. Біз осы мәселені заң жүзінде реттеуді қолға алатын боламыз. Облыс әкімдіктері негізгі қаражатты бұқаралық спортты дамытуға жұмсауы керек. Өйткені, бүгінде ауылдық жерлердегі спортты дамыту кенже қалып барады», - деді А.Мұхамедиұлы.

Хабарламаларға жазылу