Премьер-Министр су тасқынына қарсы кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр су тасқынына қарсы кеңес өткізді

21.09.2022

Елімізде су басу қауіпі бар елдімекендердің саны мыңнан асты. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен көктемгі тасқынға қарсы кеңесте айтылды. Премьер-Министрдің айтуынша, көктемге қазірден дайындалу керек. Сонда ғана қауіптің алдын алуға болады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Көктемде су тасқыны болса, үйлерді су басса, қомақты қаражат бөлу керек болады. Соған жеткізбеу үшін биыл жыл соңына дейін жол картасын іске асыруды тапсырамын. Өңір әкімдері су тасқыны зардабын азайту мәселесін бақылауда ұстауы тиіс.

Бұдан бөлек, Әлихан Смайылов «Eni» компаниясы басшыларымен кездесіп, Қашаған кен орнының келешегін талқылады. Премьердің айтуынша, Қазақстан Үкіметі компанияның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті. Сондай-ақ Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу жөніндегі жоспарын қолдайтынын жеткізді.


Хабарламаларға жазылу