Елорда халқының 31,3 пайызы бұқаралық спортпен айналысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда халқының 31,3 пайызы бұқаралық спортпен айналысады

30.06.2021

Астананың абыройы асқақтап, сәулеті дәулетіне сай артып келеді. Бас қалада әсіресе, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Қазір елорда халқының 31,3 пайызы немесе 370 мыңнан астам адам бұқаралық спортпен айналысады. Салауатты өмір салтын ұстанғандар қатары өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға артқан. Қазір спорт алаңдарын салу жұмыстары «Алматы» ауданында қарқын алған. Былтыр мұнда 33 аула абаттандырылып, 142 тренажер орнатылған. Футбол, баскетбол, Workout алаңдары жұмыс істеп тұр. Биыл қосымша тағы 7 алаңға 60 жаттығу құрылғысын орнату көзделген. Жалпы елордада 400-ден астам спорт алаңы бар.

Рауан Тілеу, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
Кешке қарай келсеңіз адамдар көп болады спортпен шұғылданып жатқан. Өзімнің айналысып жатқаныма 1-2 жылдай болып қалды. Жазда спорт залға барып керек емес, бұл жерге келсеңіз барлық керек жаттығу жасауға барлығы жасалған. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу