Жас спортшы Әмір Махметов «Бүгін жексенбіде» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас спортшы Әмір Махметов «Бүгін жексенбіде» қонақта

17.04.2016
Жас спортшы Әмір Махметов «Бүгін жексенбіде» қонақта

«Бүгін жексенбі» бағдарламасының бүгінгі қонақтары:

Қыдырғали Оңғарбаев - қол күрестен 37 корейді бірінен соң  бірін жеңген спортшы. ОҚО «Шардара Армспорт» клубының мүшесі.  Осы жылы еліміздің абсалютті чемпионы атанды.

Қыдырғали қазір 26 сәуірде Ташкентте өтетін Азия чемпионатына дайындалуда. Шілдеде елімізде Қазақстан чемпионаты өтеді. Жеңген жағдайда қыркүйекке жоспарланып отырған Болгарияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алмақ.

Қыдырғали Оңғарбаевтың ұстазы Мұқан Ағзамов  спорт шебері. Кір тасын көтеруден бірнеше дүркін жеңімпаз. Спортшылардың әңгімесін бүгін 09:00-де Ұлттық арнадан тыңдаңыз.

Сондай-ақ, 9 жастағы спортшы  Әмір Махметов те таңғы бағдарламада қонақта болмақ. Әмір жастығына қарамай  КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының үш мәрте рекордсмені.  14 сәуір күні  кеудені жерден көтеріп, денені бір қалыпты ұстаудан әлем рекордын жаңартты.

Сонымен қатар, «Бүгін жексенбіге» әнші Мақсат Базарбаев ұлымен бірге келіп, сұхбат береді. Студия қонақтарының қызықты сұхбаты мен өзге де қызықты мәліметтерді бүгін 09:00-де Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу