3-4 мамыр күндері Алматыда «Тайжарыс» радиобайқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3-4 мамыр күндері Алматыда «Тайжарыс» радиобайқауы өтеді

16.04.2016
3-4 мамыр күндері Алматыда «Тайжарыс» радиобайқауы өтеді

3-4 мамырда Алматыда IV республикалық «Тайжарыс» радиобайқауы өтеді.

Мақсаты – өнерлі балалардың жұлдызын жағу, оларды Қазақ радиосы арқылы елімізге насихаттап, ең үздік балалар әндерін «Алтын қорда» сақтау.

Байқауға 6 мен 16 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады. Үміткерлер «Вокал» (эстрадалық, академиялық), «Дәстүрлі ән», «Аспапта ойнау» (жеке және топтық орындаушылар), «Көркемсөз», «Сахналық қойылым», «Жазбаша шығарма» аталымдары бойынша бақ сынайды.

Жеңімпаздар халықаралық «Art Bayterek» байқауына қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жобаның бас жүлдегері «Тайжарыстың» әнұранын орындайды. Ал, лауреат атанған барлық қатысушылардың шығармалары Қазақ радиосы мен «Шалқар» ұлттық радиосының эфирлерінен беріледі.

Толық ақпаратты 87077748307 байланыс телефоны арқылы біле аласыздар.

Жобаның жүргізушісі әрі авторы Гүлбағыш БОСТАН.

«Алтын қорда» үнім қалсын десеңіз, «Тайжарысқа» қатысыңыз!

Хабарламаларға жазылу