Оралда жыршы-термешілер фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жыршы-термешілер фестивалі өтті

29.10.2019

Оралда «Жыр – ғибрат» атты жыршы-термешілер фестивалі өтті. Шараны Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры арнайы Жетісудан келіп ұйымдастырды. Байқауға Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан 8 жыршы, термеші қатысты. 

Әр аймақтан іріктеліп алынып, «таңға салса, кешке озған» дүлділдер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Көнеден келе жатқан, имандылыққа, бірлікке, елдікке шақыратын жыр-термелер орындалды. Кейінгі композиторлардың шығармалары да ұмыт қалмады. Байқау соңында оралдық Фархат Оразов «Үздік жыршы», ақтаулық Әзімхан Адай «Үздік термеші» атанды. Қатысушылардың барлығына да диплом мен ақшалай сыйлық табыс етілді.

Серік Қалиев, ақын, З.Сәнік атындағы мәдениет қорының атқарушы директоры:

Саф өнерді сақтаған, бабаның асыл сөзін жаттаған, төл өнерімізді төрге оздыру үшін ұйымдастырып отырмыз, арнайы осы батыс аймағының жыршы-термешілерін. Өйткені қазіргі заманға қарай осы бір асыл өнеріміз тасада қалып бара жатыр. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу