22 сәуірде Елордада «Жұлдызды Астана 2016» тұңғыш музыкалық радиосыйлығының жеңімпаздары марапатталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 сәуірде Елордада «Жұлдызды Астана 2016» тұңғыш музыкалық радиосыйлығының жеңімпаздары марапатталады

15.04.2016
22 сәуірде Елордада  «Жұлдызды Астана 2016» тұңғыш музыкалық радиосыйлығының жеңімпаздары марапатталады

Тұңғыш музыкалық радиосыйлық «Астана» радиосы эфирінен 11 жыл көлемінде  беріліп келе жатқан «Жұлдызды Астана» хит-шеруінің қорытынды концерті болып табылады.

Радиосыйлықтың ерекшелігі - жоба радиожурналистика саласында алғаш рет жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, 11 аталым бойынша өтетін бас жүлдеге үміткерлер ашық дауыс беру арқылы анықталады.  

Дауыс беру  «Үздік орындаушы», «Үздік топ», «Он жылдықтың үздік әні», «Үздік шығармашылық дуэт», «Үздік радиоконцерт», «Үздік сазгер», «Жастық жалыны», «Үздік өңдеуші», «Астана туралы үздік ән», «Үздік мәтін авторы», «Үздік аспаптық жоба» аталымдары бойынша жүргізілді.

Соңғы 5 ай көлемінде тыңдармандар zhuldyzdyastana.kaztrk.kz сайтында 11 аталым бойынша дауыс берді.   Ашық дауыс беру 11 сәуірде аяқталды. Аталмыш радиосыйлық қорытындысы 50 пайыз тыңдарман дауысы мен 50 пайыз қазылар алқасының дауыстарын қосу арқылы шығарылады.

Кештің арнайы қонақтары - Айгүл Иманбаева,  Бейбіт Қошқалиев, «Меломен» тобы,  Әли Оқапов және Мөлдір Әуелбекова.

Хабарламаларға жазылу