«Астана» радиосы «Жұлдызды Астана 2016» тұңғыш музыкалық радиосыйлығын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» радиосы «Жұлдызды Астана 2016» тұңғыш музыкалық радиосыйлығын ұсынады

11.04.2016
«Астана» радиосы «Жұлдызды Астана 2016» тұңғыш музыкалық радиосыйлығын ұсынады

Тұңғыш музыкалық радиосыйлық 11 жыл көлемінде эфирден беріліп келе жатқан «Жұлдызды Астана» хит-шеруінің қорытынды концерті болып табылады.

Радиосыйлықтың ерекшелігі -  радиожурналистика саласында  жоба ретінде тұңғыш болуы және  11 аталым бойынша бас жүлдеге үміткерлерді анықтау ашық дауыс беру арқылы жүзеге асуында.

Дауыс беру  «Үздік орындаушы», «Үздік топ», «Он жылдықтың үздік әні», «Үздік шығармашылық дуэт», «Үздік радиоконцерт», «Үздік сазгер», «Жастық жалыны», «Үздік өңдеуші», «Астана туралы үздік ән», «Үздік мәтін авторы», «Үздік аспаптық жоба» аталымдары бойынша жүргізілді.

Соңғы 5 ай көлемінде тыңдармандар zhuldyzdyastana.kaztrk.kz сайтында 11 аталым бойынша дауыс берді.   Ашық дауыс беру 11 сәуірден бастап тоқтатылады. Аталмыш радиосыйлық қорытындысы 50 пайыз тыңдарман дауысы мен 50 пайыз қазылар алқасының дауыстарын қосу арқылы шығарылады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 22 сәуір сағат 19:00-де  «Конгресс холл» сарайында өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу