Дарья Домрачева Сочи Олимпиадасының үшінші «алтынын» алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дарья Домрачева Сочи Олимпиадасының үшінші «алтынын» алды

17.02.2014
Дарья Домрачева Сочи Олимпиадасының үшінші «алтынын» алды
  Беларусь биатлоншысыДарья Домрачева 12,5 шақырымға созылған масс-стартта жеңіске жетіп, Сочи Олимпиадасындағы үшінші алтын медальді иеленді.
 
Нысана көздеуден бір рет мүлт кеткен спортшы бұл қашықтықты 35 минут 25,6 секундта өтті. Чехиялық биатлоншы Габриэла Соукалова (+20,2) екінші орынды місе тұтты. Қола медаль норвегиялық Тириль Экхоффқа (+27,3) бұйырды.
 
Бұған дейін, Дарья Домрачева Сочиде жекелей сында және із қуалау жарысында жеңіске жетті.

Хабарламаларға жазылу