Дубайда әлемдегі ең биік ғимарат салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубайда әлемдегі ең биік ғимарат салынбақ

14.04.2016
Дубайда әлемдегі ең биік ғимарат салынбақ

«Emaar Properties»   құрылыс фирмасы Дубайда әлемдегі ең биік ғимарат салуды жоспарлап отыр. Ол қазір әлемдегі ең биік ғимарат саналатын 828 метрлік «Бурдж Халифадан» да асатын болады, деп жазады The Guardian.

«Emaar Properties» фирмасының атқарушы директоры Мухаммед Алаббар жобаның құны 1 миллиард АҚШ доллары шамасында болатынын айтады.

Оның айтуынша, ғимараттың биіктігі кейінірек хабарланады. Сонымен қатар, 2020 жылы Дубай халықаралық EXPO көрмесін қабылдаған кезде  бұл ғимарат шаһарға  сыйға тартылмақ.

Жоба дизайнері - испано-швейцариялық архитектор Сантьяго Калатрава Вальс. Ғимаратта мейрамханалар, қонайүйлер және көру алаңы орналасады. 

Хабарламаларға жазылу