Әлемдегі ерекше ғимараттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ерекше ғимараттар

07.07.2015
Әлемдегі ерекше ғимараттар

Әлемнің жаңа жеті кереметінің қатарындағы Колизей күллі Италия елінің мақтанышы. Ежелгі Рим кезеңіндегі атақты мекен сол кездегі сәулет өнерінің бірегей үлгісі.

Бұл ғимарат флавей әулетінің көсемі император Веспасианның бұйрығымен салынғандықтан, бастапқыда Флавия амфитеатры деп аталған. Ғимарат жанында Колосс алып мүсіні орналасқандықтан, кейін театр атауы Колизей деп өзгертілді.

Эйфель мұнарасының салмағы 7300 тоннаға жетеді. 1889 жылы құрылыс жұмыстары біткен соң әлемдегі ең биік ғимарат деп танылып, бұл мәртебеге 40 жылға жуық ие болды.

Бүгінде ол Франциядағы ең биік ғимараттар арасында 5-ші орында.  Мұнараны тот басудан сақтау мақсатында әр 7 жыл сайын сырлау жұмыстары  жүргізіліп, 50-60 тонна бояу жұмсалады.

Америка президентінің резиденциясы болған федералды ғимараттың іргетасы 1792 жылы 13 қазанда салынған. Алғашында «Президент үйі», «Президент жекежайы», «Президент сарайы» деп аталып келген ғимаратқа 1902 жылы Теодор Рузвельт «Ақ үй» деген атау берген.

Әлемдегі ерекше ғимараттар тізбегін толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу