Ағаштан әлемдегі ең биік ғимарат салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағаштан әлемдегі ең биік ғимарат салынады

28.06.2019

Канаданың Ванкувер қаласында ағаштан жасалатын әлемдегі ең биік ғимарат салынады.

«Canada Earth Tower» деп аталатын мұнара тек қана экологиялық таза материалдардан тұрғызылмақ. Мамандардың айтуынша, оған 30, 60 және 90 минутқа дейін отқа төзімді ағаштар қолданылады. 40 қабатты зәулім нысанның жоғары қабаттарында 200 пәтер орналасады. Ал төменгі бөлігінде дүкендер, мейрамхана, кеңселер ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін ағаштан жасалған ең биік ғимарат Норвегияда салынған. Ол 18 қабатты нысанның биіктігі 85 метрден асады.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу