Сауд Арабиясының компаниялары Алматыдағы бизнес жобаларға инвестиция салуға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясының компаниялары Алматыдағы бизнес жобаларға инвестиция салуға дайын

12.04.2016
Сауд Арабиясының компаниялары Алматыдағы бизнес жобаларға инвестиция салуға дайын

Араб тарапы Алматыда тамақ өнеркәсібін, логистика, құрылыс және энергетика саласын дамытуға өз үлестерін қосуға ынталы екендіктерін білдірді. Бүгіні күні қалада 6 біріккен және 19 Сауд Арабиясы капиталымен жұмыс істейтеп жатқан кәсіпорындар бар, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

«Алматыда инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғаны қуантады. Атап өтерлік жайт  Алматы – Ұлы Жібек жолының «жұмағы», ірі мүмкіндіктерге жол ашатын қақпа», - деп атап өтті Сулейман Аль-Мухайдиб.

Холдинг президенті Алматының үлкен әлеуетін, ортаазиялық өңірдегі ірі қаржы орталығы, мәдени және инновациялық хаб пен Универсиада-2017-нің астанасы екендігін де айтты.

Қала басшысы Алматыда инновация мен жаңа технологияның тұрақты дамып келе жатқандығын жеткізді.

Б.Байбек қонақтарға инвестиция салуға қолайлы түрлі жобалар ұсынды.

«Біз қаладағы индустриялды аймақтардағы инфрақұрылым құрылыстарын аяқтап қалдық. Сіздерді сол жерлерден өз өндірістеріңізді ашуға шақырамыз. Бұдан өзге қалада «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді. Біз өзара ынтымақтастықты дамытатынымызға сенімдімін», -деді әкім.

Кездесу соңында қала басшысы делегацияны Алматының 1000 жылдығын мерекелеуге шақырды.

 

Хабарламаларға жазылу