HBO телеарнасы Геннадий Головкиннің карьерасындағы ең үздік сәттерді ұсынды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

HBO телеарнасы Геннадий Головкиннің карьерасындағы ең үздік сәттерді ұсынды (ВИДЕО)

12.04.2016
HBO телеарнасы Геннадий Головкиннің карьерасындағы ең үздік сәттерді ұсынды (ВИДЕО)

HBO телеарнасы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО)  карьерасындағы ең үздік сәттерді ұсынды.

HBO телеарнасы бокс кештерін ұйымдастыру және хабар тарату жағынан ірі телеарналардың бірі болып саналады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 24 сәуір күні америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жекке шығады. Кездесу АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу