Геннадий Головкин туралы әлем жұлдыздарының пікірлері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин туралы әлем жұлдыздарының пікірлері

08.04.2016
Геннадий Головкин туралы әлем жұлдыздарының пікірлері

Назарларыңызға бүгін 34 жасқа толған Геннадий Головкин туралы әлем жұлдыздарының айтқан пікірлерін ұсынамыз.

Леннокс Льюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы:

«Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин».

Ронда Роузи, UFC чемпионы:

«Мен Головкин-Котто жекпе-жегін көргім келеді. Геннадий – менің досым, мен ылғи Геннадийға жанкүйермін. Сондай-ақ, оның кіші Мейвезерге қарсы жекпе-жек өткізгенін қалаймын».

Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы:

«Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді».

Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы:

«Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал, қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы».

Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы:

«Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді».

Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы:

«Геннадий Головкин Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы».

Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы:

«Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы - жас Майк Тайсон».

Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы:

«Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды».

Кен Хершман, HBO президенті:

«Меніңше Геннадий Головкин бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын».

Фредди Роуч, америкалық бапкер:

«Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы бірақ, оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның (Геннадий) жекпе-жектеріне HBO телеарнасы қызығушылық танып, түсіріп жүр. Демек, ол әлемнің мықты боксшыларының бірі».

Владимир Кличко, украиналық боксшы:

«Меніңше Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді».

Роберт Гарсия, танымал америкалық бапкер:

«Мен Геннадийдің жанкүйерімін. Ол жуырда PPV жұлдызына айналады. Оған сенімдімін».

Геннадий Голвкиннің барлық жеңістерінің тізімін мына жерден көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу