Жыланды Толботтың достары тауып алған. Оны естіген фотограф бауырымен жорғалаушыны суретке түсіруге асыққан.
«Мен жыланның түр-түрін суретке түсіргенді жақсы көремін. Қазірдің өзінде мен олардың жүздеген түрлерін түсірдім. Тіпті, кейбірі мені шағып алған болатын. Бір жақсысы олар улы жылан емес болатын», - дейді фотограф.
Екі басты жыланның бір басы екіншісіне қарағанда ызақорлау болған. Табиғатта екі басты жыландар кездеседі, алайда олар бірнеше ай ғана өмір сүреді.
www.inform.kz