Британдық фотогроф Моңғолия қазақтарының суретін кітапқа енгізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британдық фотогроф Моңғолия қазақтарының суретін кітапқа енгізді

16.06.2020

«Қазақтар-әлемдегі ең жомарт, кеңпейілді халық». Ұлыбританиялық атақты фотограф Джимми Нельсон осылай дейді. Әлемдегі сирек тайпалар мен байырғы тұрғындарды суретке түсірумен айналысатын фотограф Моңғолия қазақтарын фото-бейнетаспаға басқан. Ең үздік суреттері Нидерландтың Маастрих қаласындағы көрмеге қойылды.

Бұл-Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы саятшылықпен айналысатын қазақтар. Сырт көзге, шырт еткізіп түсіре салғандай көрінгенмен, Джимми осы кадр үшін үш күн дайындалған. Тауға мініп-түсіп жаттығып, бозарып атқан таңда тамаша көріністі таспаға басыпты.

52 жастағы Джимми-әлемдегі сирек кездесетін тайпалар мен ұлттық мұрасын қызғыштай қорып отырған халықтарды суретке түсіреді. Суреттерін үш кітап етіп шығарды. Моңғолия қазақтарының мәңгілік бейнесі де сол бестселлердің ішінде.

Джиммидің ендігі арманы-жеке көрмесін Қазақстанда ұйымдастырып, ұлы даланың көрікті жерлерін таспаға түсіру. Кейін сол сұлулықты төртінші кітабына арқау етіп, жаһан жұртына таратпақ.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу