National Geographic фотографы қазақтың дәстүрлі үйлену тойын түсіруге жас жұбайларды іздестіруде (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

National Geographic фотографы қазақтың дәстүрлі үйлену тойын түсіруге жас жұбайларды іздестіруде (ФОТО)

11.05.2016
National Geographic фотографы қазақтың дәстүрлі үйлену тойын түсіруге жас жұбайларды іздестіруде (ФОТО)

Фотограф қазір Маңғыстау облысында сапарлап жүр. Қызықты репортаж үшін ол қазір жас жұбайларды іздеп жатыр.

«Қазақстандағы инста-достар, жақында кім Маңғыстау облысында үйлену тойын жасамақшы? Қазақтың дәстүрлі тойын суретке түсіріп, NatGeo тарихына енгізгім келеді», - деді фотограф.

Айта кету керек, автор жақында Ақтау қаласындағы көкпарға дайындалып жатқан жігіттерді суретке түсіріп, National Geographicке жариялаған болатын.

Бұл әлемдік ресурстағы алғашқы сурет емес. Бұған дейін американдық фотограф Филипп Толедано мен израильдік фотограф Шауль Шварц NatGeo Инстаграмдағы парақшасында Қазақстан туралы бірнеше сурет жариялаған болатын.

Бірқатар кәсіби байқаулардың жеңімпазы, 2014 жылғы World Press Photo премиясының иегері, белгілі фотожурналист Дж. Стэнмайер әлемнің 100 елінде болған. Қазір ол Пол Салопек есімді журналистпен Қазақстанды жаяу аралап жүр. Жолаушының фотоесебін оның жеке парақшасынан көруге болады.

 

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу