Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ертең «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат береді
12 сәуір - Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне орай қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ертең Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат береді.
Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Ғарыштық техника және технологиялар кафедрасының доценті Әбдіқұл Әшіровпен аталмыш салаға қатысты әңгіме өрбімек.
Биыл адамзаттың «Байқоңырдан» ғарыш көгіне көтерілгеніне 55 жыл толып отыр. Таңғы бағдарлама ұжымы атаулы күнге байланысты арнайы сюжет ұсынады.
Ал, ғарышқа байланысты қазақ балаларына қойылған есімдерді білесіз бе? Кадет корпусына оқуға түсу үшін енгізілген жаңа талаптар қандай?
Ертең 07:00 - 10:00 аралығында Ұлттық арнадан көріңіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14