21 қараша – Бүкіләлемдік сәлемдесу күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 қараша – Бүкіләлемдік сәлемдесу күні

21.11.2016
21 қараша – Бүкіләлемдік сәлемдесу күні

21 қараша, дүйсенбі, 2016 жыл

Бүкіләлемдік сәлемдесу күні

1973 жылдан аталып өтеді. Бұл күнді өткізу идеясын Американың Небраска штатында тұратын ағайынды Майкл мен Брайан Маккормак «қырғиқабақ соғыс» өршіп тұрған кезде, халықаралық текетіресті күшейтуге қарсылық пен наразылық белгісі ретінде қабылдайды.

Бүгін – Дүниежүзілік телевизия күні

1996 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 21 қарашаны алғашқы дүниежүзілік телевизиялық форумның өту құрметіне орай Дүниежүзілік телевизия күні  (World Television Day) деп белгіледі. Бүгінде телевизия – байланыс және жаһанданудың символы ретінде қалыптасқан.

Музыкасыз күн

Шотланд музыканты мен музыкалық продюсер Билл Драмонд бастама көтерген ресми емес шара. Оның міндеті - музыканың қазіргі қоғамдағы ойсыз қолданылуының өнер формасы ретінде оның құнсыздану мәселесіне назар аударту. Осы күні шараға қатысқан радиостансалар 24 сағат бойы музыка таратпады.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

28 жыл бұрын (1988) Мәскеуде Арал теңізінің күндері ашылды. Теңіз аймағындағы экологиялық жағдай қоғамның алаңдаушылығын туғызды.

11 жыл бұрын (2005) Таразда жерлесіміз ислам ойшылы, дін зерттеушісі, ақын, ағартушы Саид Махмұд ат-Таразиді есте қалдыру шаралары болып өтті.

10 жыл бұрын (2006) Жидебай шатқалында Семей облысындағы Абай Құнанбаевтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық кешенінің құрылымды бөлігінің бірі - атақты философ, талантты композитор Шәкәрім Құдайбердиевтың республикадағы тұңғыш мұражайы ашылды.

3 жыл бұрын телерадиотарату саласындағы ұлттық оператор - «Қазтелерадио» АҚ телекоммуникациялық қауымдастыққа кірді.

100 жыл бұрын (1916) «Титаник» кемесінің егізі - «Британник» неміс минасына кезігіп, суға батып кетті.


ЕСІМДЕР

68 жыл бұрын (1948) кинотанушы, сценарийші АЙНАҒҰЛОВА Күлшара Біләлқызы дүниеге келді.

72 жыл бұрын (1944) американдық актер, режиссер және комедиялық жазушы РЭМИС Харольд Аллен дүниеге келді.

106 жыл бұрын (1910-1996) тілтанушы-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым акдемиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ЫСҚАҚОВ Ахмеди Ысқақұлы дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1948) М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы ХАДЖИЕВА Рашида Ғалиакбарқызы дүниеге келді.

97 жыл бұрын (1918-2001) театр және кино актері, КСРО Халық әртісі ГЛУЗСКИЙ Михаил Андреевич дүниеге келді.

71 жыл бұрын (1945) голливуд актрисасы, «Оскар» сыйлығының лауреаты Голди ХОУН (Голди Штудлендгехоун) дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу