Көгершіндерді қолға үйретудің әдіс-тәсілдері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көгершіндерді қолға үйретудің әдіс-тәсілдері

05.04.2016
Көгершіндерді қолға үйретудің әдіс-тәсілдері

Көгершінді бейбітшілік құсы, достық, татулық символы, әлемді аралап хат таситын бақыт құсы деп білеміз. 300-дей түрі бар бұл құс туралы дерек өте көп.

Мысалға, 1870-1871 жылдары Парижді пруссиялықтар қоршауға алғанда, пошта тасып, ақпарат құралы атанған. Мысыр перғауынының досы жіберген 1800 түйір шиесін де жеткізген осы көгершіндер.

Көгершіндер адам қолына үйренгіш, бұйрықты еркін түсінетін құс. Жабайы кептерлер қолға үйренген соң ғана көгершін деген атқа ие болады. «Ал, оны үйрету үшін аталық және аналық көгершінді бір-бірінен айырмау керек», дейді цирк әртісі Айсұлу Әбдікерім.

«Біздің алғаш алған көгершіндеріміз «орыстілді» болған еді. Себебі, біз оларды орыс атадан сатып алдық. Кейін қазақша сөздерге үйреттік. Бұлар өте сезімтал келеді. Өз жұптарымен ғана бірге жұмыс істейді, бірге жүреді, бірге қоректенеді. Сол себепті, бұларды бір-бірінен айыру мүмкін емес. Үйреткенде де бірге үйретеміз»,-дейді ол.

Он жылдан астам уақытын осы салаға арнап, көгершіндермен бірге өнер көрсетіп жүрген Айсұлу құстардың тілі мен бабын табу оңай емес екенін айтады.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу