Актер Қасымхан Бұғыбаев «Шалқар» радиосының жүргізушісі Гүлнұр Омарханды қалай алдады? (АУДИО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актер Қасымхан Бұғыбаев «Шалқар» радиосының жүргізушісі Гүлнұр Омарханды қалай алдады? (АУДИО)

01.04.2016
Актер Қасымхан Бұғыбаев  «Шалқар» радиосының жүргізушісі Гүлнұр Омарханды қалай алдады? (АУДИО)

1 сәуір - Күлкі күніне орай өрбіген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.   

«Сатиралық әзіл-сықақ театрларының беталысы жаман емес. Көңілден шықпайтын тұстары да бар, әрине. Ондай келеңсіз тұстарды кездескен жерде әріптестерімізге айтып жүреміз», дейді актер.

«Тұрмыстық жанжалдарды әзіл өзегіне айналдырған сатиралық театрлар қыздар мен келіншектерді қойып, енеге көшті. Аналарды келемеждеу қаншалықты дұрыс?» деген сауалға: «Мұндай театрлардың да кей кездері артық кететін тұстары болады. Жер басып жүргеніміз аналардың арқасы. Жеңгелерді, аналарды арзан күлкіге айналдырып жатқанда қарның ашады. Көрерменге күлкілі болады екен деп, деңгейді анағұрлым түсіруге болмайды», деген пікірін білдірді.

«Сатирада жүрген жастар көбінесе әзілді өздері жазады. Актер Асылбек Боранбаев ағамыз айтпақшы, қазақ әзілінің сын көтермеуінің бірінші себебі - авторлардың жоқтығы».

Қасымхан Бұғыбаев  комедия жанрында «Пай-пай, жас жұбайлар», «Күшік күйеу», «Келіндер көтерілісі» спектакльдерінде ойнаған. «Сахнада адалдық пен  жауапкершілік маңызды», деген пікірде.  

Актер «Шалқар» студиясында Үкілі Ыбырайдың «Қызыл асық» әнін орындады. Сондай-ақ, сұхбат барысында студияға келмес бұрын бағдарлама жүргізушісі Гүлнұр Омарханқызын қалай алдағаны туралы айтып өтті. 

 

 

Хабарламаларға жазылу