«Шалқар» радиосының жүргізушісі Мейрамгүл Нығметова марапатқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» радиосының жүргізушісі Мейрамгүл Нығметова марапатқа ие болды

11.03.2016
«Шалқар» радиосының жүргізушісі Мейрамгүл Нығметова марапатқа ие болды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы БАҚ-тағы Метадон демеу терапиясы тақырыбын үздік ашу бойынша Бірінші байқаудың жеңімпаздарын анықтады.

Байқауға ұсынылған материалдар 2015 жылдың сәуір-желтоқсан айларында бірқатар республикалық және аймақтық басылымдарда жарияланып, теле-радио арналардың эфирлеріне және интернет-басылымдарға шықты.

Марапаттау салтанатында бес журналист үздік деп танылды.

Гран-при жүлдесі «Шалқар» ұлттық радиосының жүргізушісі Мейрамгүл Нығметоваға берілді.

Байқауға 4 санат бойынша барлығы 46 жұмыс келіп түскен. Оларды бағалаумен бес адамнан тұратын арнайы комиссия айналысты.

Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.  

Әріптесімізді жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

 

Хабарламаларға жазылу