«Қазақстан» телерадиокорпорациясы қызметкерлері «AMANAT» – 2023» медиа сыйлығымен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы қызметкерлері «AMANAT» – 2023» медиа сыйлығымен марапатталды

27.06.2023

«Amanat» партиясы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында журналистер арасындағы жыл сайынғы Медиа сыйлықтың иегерлерін марапаттады. Республикалық байқаудың қорытындысында 7 номинация мен 3 арнайы сыйлық бойынша жеңімпаздар анықталды. Оның ішінде әріптесіміз, «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты Қазақ радиосының жүргізуші-редакторы Альмира Елімсарина мен Шалқар радиосының редактор-жүргізушісі Жанар Оразымбетова бар.

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:

Шын мәнінде бұл күн журналистердің ғана мерекесі емес, бұл қоғамдық-халықтық мейрам деп айтуға болады. Өйткені қазір ақпараттың заманы. Ақпарат қоғамдағы ажырамас құндылыққа айналды. Сондықтан журналист мамандығы өте маңызды әрі мәртебелі мамандық. 


Хабарламаларға жазылу