Жуырда «Аяулы арман» фильмі эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жуырда «Аяулы арман» фильмі эфирге шығады

14.08.2015
Жуырда «Аяулы арман» фильмі  эфирге шығады

Жуырда «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Аяулы арман» атты жаңа телехикая  эфирге жол тартпақ. Шілде айында түсірілімі басталған туынды балалар үйінде тәрбиеленіп, үлкен өмірге қадам басқалы отырған сан алуан  тағдыр иелерінің өмір жолын баяндайды.

Телехикаяға Ербол Семқұлов, Серік Шәріп, Әйгерім Айдар, Раушан Ермағамбетова және т.б. актерлер түскен.

Бұл актерлер Ұлттық арнадан көрсетілген «Қара шаңырақ», «Сырғалым», «Достар», «Қыздар» телехикаялары арқылы халыққа  танылып үлгерген.

Түсірілім барысында актерлер басты рөлді сомдау үшін түрлі жайттарды бастан өткерді. Соның бірі – Серік Шәріп. Ол өзіне берілген рөлді алып шығу үшін 9 қабатты үйдің биіктігіндей құздан секірген.

Себебі, Серік сомдайтын кейіпкер қатал мінезді болуы тиіс. Алайда, алғашқы түсірілім күндерінен кейін оған батылдық пен қаталдық жетіспейді деген мін тағылады.

Жардың шетінде тұрып, актер көрермендерге мұндай қадамға хикаяда басты рөлді сомдау үшін барғанын айтады.

Телехикаяның ерекшелігі сол, туындыға кезінде балалар үйінде өскен актерлермен қатар, «Жасөспірімдер үйінің» тәрбиеленушілері де қатысады.

Айта кету керек, балалар үйіндегі атмосфераны сезініп, мұндағы балалардың  болмысын ұғыну үшін актерлер Алматыдағы «SOS балалар ауылының» тәрбиеленушілерімен кездесу өткізген.

Түсірілім барысы туралы толығырақ білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.

Хабарламаларға жазылу