М.Бекетаев: Жыл соңына дейін Қазақстанда бүкіл сот залдары бейне жазу жүйесімен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Бекетаев: Жыл соңына дейін Қазақстанда бүкіл сот залдары бейне жазу жүйесімен қамтылады

30.03.2016
М.Бекетаев: Жыл соңына дейін Қазақстанда бүкіл сот залдары бейне жазу жүйесімен қамтылады

«Қазір осындай жүйемен 1 050 зал немесе барлық залдардың 75 пайызы жабдықталған. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады»,-деді бүгін ҚР Президент Əкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Бекетаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында.

М.Бекетаевтың айтуынша, жыл басынан бері сот органдары бес сатылы жүйеден үш сатылы жүйеге көшті. Аталмыш жүйе сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдетумен қоса,  істерді сотта қарау мерзімдерін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сот бақылауын күшейту жəне азаматтардың құқықтарын қосымша қорғау мақсатында сотқа төрт тергеу қызметіне санкция беру уəкілеттіліктері берілді.

«Бұл - қарап тексеру, тінту, алу жəне жеке басын тінту. Жыл басынан бері бұлар бойынша сотқа 4 715 материал түскен. Сот ісін ашық өткізу мақсатында сот мəжіліс залдарында сот процестерін бейне жəне таспаға жазуға мүмкіндік беретін жаңа жүйемен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Қазір осындай жүйемен 1 050 зал немесе барлық залдардың 75 пайызы жабдықталған. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады»,-деді М.Бекетаев.

Хабарламаларға жазылу