Қазақстанның сот саласындағы өзгерістері өзге елдерге үлгі - Казимжон Камилов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның сот саласындағы өзгерістері өзге елдерге үлгі - Казимжон Камилов

22.08.2017

Қазақстандағы сот жүйесіне енгізілген өзгерістер Өзбекстанмен арадағы байланысты нығайтуға серпін береді. Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Жоғарғы сотының төрағасы Казимжон Камилов осылай деді. Ол облыстағы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратын аралап көріп, «Ұлт жоспары» аясында жүзеге асып жатқан еліміздегі сот реформалары жайлы ақпарат алды. Қазір өңірдегі сот ғимаратының барлық сот залдары дыбыс және бейнетіркеудің автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған. Күдіктілердің іспен танысу бөлмесі, прокурор және адвокаттар үшін арнайы кабинет, алқабилер жиналатын зал, судьялар үшін психологиялық демалыс кабинеттері ашылған. «Сот саласындағы тың өзгерістер өзге елдерге үлгі боларлық», - деді Казимжон Камилов.

Хабарламаларға жазылу