«Бейбіт Оралұлы атындағы халықаралық ән байқауы жалғасын таба ма?» деген сауалға сазгер: «Бұл байқау алғаш рет 2011 жылы республика көлемінде өткен. Өткен жылы халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Жыл сайын болмаса да, 1-2 жыл сайын өткізіліп тұратын болады», дейді.
«Диапазоны кең әндерді көп жазатындықтан, көбінесе байқауларда орындалады. Көпшілік мені конкурстың композиторы деп ойлайды. Бірақ, олай дей алмаймын. Басқа да әндерім жеткілікті. Алғашқы әндерімнің орындаушысы - Роза Рымбаева. Халыққа танытқан да сол кісі».
Композитордың Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған «Бозжорға» әні қалай дүниеге келді?
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіздер.