Даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевты халық еркелетіп «Шопандардың атасы», «Дала академигі», «Малшылардың маршалы» деп атап кеткен.
Бүкіл ғұмырын қой өсіруге арнаған ақсақал шалғайда жатқан Мойынқұм өңірінің мерейін тасытты. Оның даңқы кешегі Кеңестер одағынан асып, шетелдерге дейін жетіп жатты.
Жазылбек Қуанышбаев еңбекке ерте араласқан. Жетімдік зардабын тартып, байдың малын бағып күнелтеді. 40-шы жылдардың басында Қазақстанда Қаракөл қойын өсіруді қолға алған да осы кісі еді.
Сол тұста әр 100 саулықтан 140-145 қозы алып, әрбір қойдан төрт келіге дейін жүн қырыққан. Сөйтіп жүріп, қоғам ісіне де белсене араласады. Осы еңбектері үшін бірнеше рет марапатқа ие болады.
Ұлттық арнаның «Алтын қорында» сақталған шопанның өз дауысымен жазылған бейнежазбаны «Таңшолпаннан» тамашалаңыздар.