Бұл туралы Business Insider хабарлады.
Аталмыш маркілі телефондар электронды поштаға кіру кезінде ұзақ ойланады. Сондай-ақ, оның Safari браузері де дұрыс жұмыс істемейді. Смартфонның өзге де бірқатар қызметтері талапқа сай жұмыс істемейтін болған.
Apple-ді техникалық қолдауға арналған форумда талқыланған ауқымды мәселелердің бірі осы тақырып болды. Бұл мәселе жөнінде Twitter желісін пайдаланушылар да көтерген.
«Мен Apple компаниясының қолдау қызметіне хабарластым. Олар мұндай мәселенің бар екендігінен хабардар және инженерлер қазір осы олқылықты жою жолында жұмыс істеп жатыр», дейді iPhone смартфондарының қызметіне шағымданушылардың бірі.
Осыған дейін iOS 9.3 жүйесі іске қосылған соң бірқатар проблемалардың орын алғандығы айтылған. Өз кезегінде бұл проблема бірқатар құрылғылардың жұмысының тоқтауына әсер еткен.