«Бүгін жексенбіде» - әнші Заттыбек Көпбосынов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бүгін жексенбіде» - әнші Заттыбек Көпбосынов

27.03.2016
«Бүгін жексенбіде» - әнші Заттыбек Көпбосынов

«Бүгін жексенбі» таңғы ақпаратты-танымдық бағдарламасының бүгінгі қонақтары қатарында бір мезетте екі домыбырамен күй орындай алатын күйші Айдар Әбілқасымов, әнші, композитор Заттыбек Көпбосынов және ортопед, травматолог Ерсін Жүнісов бар.

26-27 наурыз күндері «Тәуелсіздік сарайы» ғимаратында спорттық биден жарыс өтеді. Жарысқа Мәскеуде өткен халықаралық спорттық би жарысында жеңімпаз атанған Мұса Сұлтанов, Мария Хасанетдиновалар да қатысады.  Аталмыш шара туралы сюжетті бүгінгі бағдарлама барысынан көре аласыздар.

Сондай-ақ, бүгінгі бағдарламадан ішуге арналған су қандай жолдармен тазартылатынын және Астанадағы ең жас ата-ана 23 жасар Ботагөз бен Нұрболат Кенжебековтердің 5 баласы жөнінде толығырақ біле аласыздар.

Еске сала кетейік, таңғы бағдарлама әр жексенбі сайын сағат 09:30-11:15 аралығында эфирге шығады.

Хабарламаларға жазылу