Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын айтты

25.03.2016
Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін өз шартын айтты

Өткен жылдың қыркүйек айында мансабын аяқтағанын жариялаған әлемнің үздік боксшысы Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) рингке қайта оралуы мүмкін.

Олардың бірі - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО). Алайда Мейвезермен шығу үшін жерлесіміз Андре Уордты жеңуі тиіс.

«Мен осыған дейін де Головкин менімен жекпе-жекке шығу үшін не істеу керектігін айтқан болатынмын. Алдымен ол Уордты жеңсін. Содан кейін ғана мен онымен жұдырықтасуға дайынмын»,- деді Мейвезер.

Мейвезердің тізіміндегі екінші боксшы - WBC бойынша  жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Дэнни Гарсиа (32-0, 18 КО).

«Егер мен рингке қайта оралатын болсам, мені Дэнни Гарсия қызықтырады. Себебі ол жеңілуді білмейді және титулға ие. Егер мен онымен жекпе-жек өткізетін болсам ол әлем чемпионы болуы тиіс», - деді Флойд Мейвезер.

www.inform.kz

Хабарламаларға жазылу