Елбасы қазақстандықтарға сайлауда көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы қазақстандықтарға сайлауда көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді

21.03.2016
Елбасы қазақстандықтарға сайлауда көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді

«Бүгін біз өте қуанышты жағдайда тұрмыз. Кеше біз жеңіске жеттік, біздің партиямыз жеңді, біздің көпұлтты халқымыз жеңді. Қазір ғана Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланатын депутаттардың сайлауы өтті. Сайлаушылардың 77 пайыздан астамының дауыс беруі біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған рекорд. «Нұр Отан» партиясы сайлаушалардың дауыстарының 82 пайыздан астамын жинады»,-деді Елбасы сөзінде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елімізде бүкіл әлемнің 66 мемлекетінен келген байқаушылардың, 150-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының алдында бәсекелестік жағдайындағы ашық, тікелей дауыс беру шарасы жүзеге асырылғандығын атап өтті.

«Осыған байланысты мен республикалық штаб пен өңірлердегі штаб өкілдеріне, біздің саясатымызды еліміздің түкпір-түкпіріндегі азаматтарға жан-жақты түсіндіруге атсалысқан азаматтардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар, барлық қазақстандықтарға біздің жүргізіп отырған саясатымызға деген осындай үлкен қолдаулары үшін алғыс айтамын. Олар біздің бір ел екенімізді, біздің әрдайым бірге екенімізді, біздің кез келген қиындықты еңсеріп, дамыған мемлекет құра алатынымызды көрсетті.

Еліміздің, шет мемлекеттердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне де алғысым зор. Осының барлығы да -  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығындағы біздің демократиялық жетістігіміздің айқын көрінісі. Барлықтарыңызды да құттықтаймын»,-деді Н.Назарбаев.

Хабарламаларға жазылу