Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужковты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужковты қабылдады

28.10.2016
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудің бұрынғы мэрі  Юрий Лужковты қабылдады

Елбасы кездесу барысында Ю.Лужковтың Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегін атап өтіп, оны 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Мәскеу қаласының бұрынғы мэрі Мемлекет басшысын және барша қазақстандықтарды республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, көрсеткен құрметі мен кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу