Ұлттық академиялық кітапханада «Кітап – дәуір айнасы» тақырыбында ашық есік күні өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық академиялық кітапханада «Кітап – дәуір айнасы» тақырыбында ашық есік күні өтуде

16.03.2016
Ұлттық академиялық кітапханада «Кітап – дәуір айнасы» тақырыбында ашық есік күні өтуде

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Кітап – дәуір айнасы» атты ашық есік күні өтуде.

Іс-шараның мақсаты – еліміздің мәдени және рухани мұрасын насихаттау, кітапхана қорындағы сирек және құнды кітаптармен сондай-ақ, қолжазбалармен таныстыру. Сонымен қатар, Астананы Еуразия кітап мәдениетінің орталығы ретінде қалыптастыру.

Шара қатысушылары мен қонақтары арасында көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлері: жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай, түркітанушы-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүмінов, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, білім және мәдениет мекемелерінің басшылары мен жауапты қызметкерлері, журналистер және кітапханашылар бар.

Ашық есік күні бағдарламасында «Кітап – тарих, кітап – қазына» тақырыбында сирек кітаптар мен қолжазбалар көрмесін, түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының «Деректану және тұпнұсқамен жұмыс» атты семинар-тренингін, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүміновтың «Задачи по централизации восточных рукописей и документов Республики Казахстан» тақырыбындағы ғылыми дәрісін, «Тәуелсіздік толғауы» атты сирек ноталар мен күйтабақтар көрмесін, «Абайдың ән мұрасы» библио-party, режиссер Бақыт Қайырбековтың «Дешті-Қыпшақ: Құпия белгілер» деректі фильмнің көрсетілімі және т.б. жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу