Бүгін қазақ опера өнерінің қос ұлы тұлғасы Ришат және Мүсілім Абдуллиндердің туғанына 100 жыл толып отыр. 1916 жылы 14 наурызда Өскеменде татар отбасында дүниеге келген.
Ришат Абдуллин баритон болса, Мүсілім - лирикалық тенор дауысты. Ағайынды кәсіби музыканттар өздерінің асқан орындаушылық шеберліктерімен әлемдік опера дәстүрін ұлттық ән өнерімен ұштастырды.
«Ол кісілер өз заманында өте танымал болды. Ілтипаттарын білдіру үшін жанкүйерлер балкондарының астына жиналатын», дейді опера әншісі, Халық әртісі Әлібек Дінішев.
1938 жылы Мәскеу консерваториясын тәмамдаған Абдуллиндер кейін Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қызмет атқарады. Ағайындылардың табысқа толы шығармашылық жолы осылай басталады.
«Ән өнерінің қос күреңі» атанған өнер иелері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.