Нүкетай Мышбаева: Үлкен тойды күзге қарай жасамақпыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нүкетай Мышбаева: Үлкен тойды күзге қарай жасамақпыз

09.03.2016
Нүкетай Мышбаева: Үлкен тойды күзге қарай жасамақпыз

«Сексенге келгеніме бір жағынан қуанамын. Себебі, менің достарымның көбі 80-ге жетпей, о дүниелік болып кетті. Бірге жүрген Фарида екеуміз түйдей құрдас едік. Шешем: «Сен берекелі айда тудың, сен өнердің баласысың»,-дейтін. Мені өнерге баулыған да анам еді. Бізде той көп, туған күнім бүгін болғанымен, үлкен тойды күзге қарай жасамақпыз»,-дейді халық әртісі.

Халық жүрегінен Теңгетай образымен орын алған актриса бұл турасында: «Қымызханаға» кастингпен келдік. Мен өтіп кеттім. Өзі ән айтатын, өзі сылқым жеңгейдің образын берді»,-деп еске алады.

Актрисаның «Қымызханадағы» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу