Nexus 6 смартфонының иілген экранды нұсқасы күзге қарай ұсынылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Nexus 6 смартфонының иілген экранды нұсқасы күзге қарай ұсынылады

02.08.2014
Nexus 6 смартфонының иілген экранды нұсқасы күзге қарай ұсынылады

Google үшін Nexus смартфоны топтамасының келесі шығарылымымен тайваньдық HTC компаниясы айналысады. IBT ақпараты бойынша, бұл жаңа смартфон Android L операциялық жүйесімен қамтылған. Оларды нарыққа шығару қазан - қараша айларына жоспарланған.

Nexus 6 смартфонында иілген 5,2 - дюймдік HD - дисплей, Qualcomm Snapdragon процессоры, 13-мегапиксель камера және Wi – Fi, 4G-интернет жүйесі болады.

Nexus 6  LG команиясы шығарған Nexus 5 смартфонының орнына келеді.

Бұл жаңа топтаманың бағасы 399 АҚШ доллары (16ГБ) және 499 АҚШ долларын (32ГБ) құрайтын болады.

Ал Nexus 8 смартфоны да күзде шығарылады деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу