AstraZeneca-ның үшінші дозасы иммунитетті күшейтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

AstraZeneca-ның үшінші дозасы иммунитетті күшейтеді

28.06.2021

AstraZeneca вакцинасының үшінші дозасы вирусқа қарсы иммунитетті күшейтеді. Бұл туралы Оксфорд университетінің ғалымдары хабарлады. Сынаққа препаратты үш мәрте қабылдаған 90 адам қатысты. Зерттеулер нәтижесінде оларда антиденелер мен Т-жасушалар саны көбейгені байқалған. Мамандар екпенің екінші дозасын алу уақытын 45 аптаға дейін созуға болады деп отыр. Енді Британ үкіметі күзге қарай вакцинация науқанын қайта жүргізбек. Сонымен қатар, AstraZeneca екпесі коронавирустың «оңтүстікафрикалық» штамына қарсы сынақтан өткізіліп жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу