8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Меломен» тобы «Таңшолпан» бағдарламасына келіп, аруларды мерекесімен шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ, мерекеде аруларға қандай сыйлық сыйлауға болатынын және өздері қандай сыйлық сыйлайтынын айтып берді.
«Қандай сыйлық сыйласаң да ең бастысы - шын жүрекпен сыйлаған жөн. Шын ниетпен сыйланған сыйлық, қашанда бағалы болады», - дейді Ролан Қазрет.
«Барша аруларымызды сұлулықтың символы ретінде гүлге теңеп жатамыз ғой. Сондықтан, аналарымыздың, аруларымыздың көңілін көтеру үшін ең жақсы сыйлық ол - гүл», - дейді Жігер Ауыпбаев.
Еске сала кетейік, «Меломен» тобы 10 наурыз күні Астанадағы «Казмедиа» орталығының концерт залында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Сәлем, Қазақстан» жобасы аясында концерттерін өткізбек.