«Таңшолпанда»  «Меломен» тобының «Тек мені сүй» атты жаңа әнінің тұсауы кесілді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда»  «Меломен» тобының «Тек мені сүй» атты жаңа әнінің тұсауы кесілді (ВИДЕО)

27.04.2017

«Таңшолпан» студиясында «Меломен» тобы және топ продюсері, композитор Бауыржан Есебаев қонақта болып, шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Композитор Бауыржан Есебаев «Меломен» тобына продюсерлік етумен қатар  көптеген әндер жазады. 

Айта кету керек, кеше «Сәлем, Қазақстан!» жобасында  Бауыржан Есебаевтың кеші өткен болатын. Сол кеште сазгердің көпшілік әнін шырқаған «Меломен» тобы «осындай композитордың әнін орындап жүрген біздер бақытты жандармыз», - дейді.

Бағдарлама барысында Бауыржан Есебаев плагиат әндерге қатысты да ойын білдірді.  Сонымен қатар, студияда «Меломен» тобының жаңа әнінің тұсауы кесіліп, тыңдарманға жол тартты.

Хабарламаларға жазылу