«Сіз не дейсіз?» хабарында – Кенжеғали Сағадиев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сіз не дейсіз?» хабарында – Кенжеғали Сағадиев

04.03.2016
«Сіз не дейсіз?» хабарында – Кенжеғали Сағадиев

Еліміздің заңғар тұлғасы Салық Зиманов Кенжеғали Сағадиев турасында былай дейді: «Ол Ахмет пен Міржақып сынды рухани күш иелерін өмірге әкелген қасиетті кең-байтақ қазақ даласының ұрпағы екенін ешқашан ұмытқан емес.

…К.Ә.Сағадиев – сирек эрудициялы, үлкен әкімшілік-ұйымдастырушылық және ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар, саф алтындай интеллект иесі.

…Ол еліміздің интеллектуалдары алдында да, студенттердің арасында да өзін еркін сезінетін сирек те батыл шешен. Бұл кісі әрбір адамның жүрегіне жол таба білетін адам».

Көрнекті ғалым бүгін «Сіз не дейсіз?» хабарында Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» жөнінде ой өрбітпек. Оның айтуынша, «100 қадамды» жасасақ, орта тазарады, ниет  өзгереді.

23:30-да Ұлттық арнадан көріңз. Толығырақ...

Хабарламаларға жазылу