Жас зерттеуші Азамат Байтасов 26 жасында әлеуметтік ғылымдардың профессоры атанды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас зерттеуші Азамат Байтасов 26 жасында әлеуметтік ғылымдардың профессоры атанды (ВИДЕО)

02.03.2016
Жас зерттеуші Азамат Байтасов 26 жасында әлеуметтік ғылымдардың профессоры атанды (ВИДЕО)

Жас зерттеуші Азамат Байтасов - география пәнінің мұғалімі. Бірнеше оқулық пен әдістемелік құралдардың авторы.

Оның пікірінше, ғылым мен инновацияға иек артқан ел ғана дамудың даңғыл жолын таппақ. «Ол үшін қазірден бастап озық ойлы, білімді ұрпақ тәрбиелеу қажет».

«Әу баста ғылымға үлесс қоссам деген мақсатым болды. Ұстаз болу - мен үшін бақыт», дейді ол.

Бала кезінен білімге құштар жас есейе келе ғажайып жаратылыстардың сырын ашуға ұмтылды. Оның бұлттар туралы гипотеза ретінде ұсынған жаңалығын батыс ғалымдары қуаттап, теория деңгейіне көтерді.

Сол сияқты таулар туралы жасаған батыл болжамы да ғалымдар көңілінен шықты.

Осы еңбектері үшін Азамат Байтасов  небәрі 26 жасында әлеуметтік ғылымдардың профессоры атанды. Қазір жас ғалым география пәніне арналған толық энциклопедияны құрастырумен айналысуда.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер. 

Хабарламаларға жазылу