Пианист Бекзат Рақымов халықаралық байқауда Гран-при иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пианист Бекзат Рақымов халықаралық байқауда Гран-при иеленді

31.03.2023

Қазақстандық жас пианист Бекзат Рақымов Ресейде Владмир Крайнев атындағы бесінші халықаралық байқаудың бас жеңімпазы атанды. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын жарыста 8-22 жас аралығындағы жүздеген музыкант бақ сынаған. Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ музыкалық мектебінің талантты шәкірті кәсіби шеберлерден кем түспеді. Көбінесе ырғақты әуендерді орындайтын жас пианист осылайша гран-при иеленді.

Бекзат Рақымов, пианист:

Бұл байқауға мен қарашадан бастап дайындалып жүрмін. Байқауды маған анам тауып берді. Оқуымды бітірген соң Қазақстанға оралып, балаларға музыканы дамытуға көмектескім келеді.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу