22 қарашадан бастап «Күлтегін» анимациялық туындысы көрерменге жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 қарашадан бастап «Күлтегін» анимациялық туындысы көрерменге жол тартады

12.11.2018

Тарихи тақырыпты арқау еткен мультфильм туралы «Таңшолпан» студиясында режиссер, аниматор Адай Әбілда баяндап берді.

Адай Әбілда:

Бұл біздің көптен бері күткен қуанышымыз. «Күлтегін» мультфильмін түсіру 2017 жылы басталды. Халыққа көрсету үшін бар күшімізді салып, асықтық. Қазақ тарихының тереңде екенін көрсеткіміз келді. Бұл бірінші себеп.

Екінші себеп, қазіргі заманның балалары кітап оқымайды, көбіне интернетте отырады. Сондықтан, Күлтегін деген тарихи кейіпкерді мультфильм арқылы көрсетуді мақсат еттік. Өйткені, Күлтегін туралы ғылыми тұжырымдама, кітап, диссертация, деректі фильмдер бар. Бірақ, әлі де көркем дүние түсірілмеген.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу